"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ұялы ауылының  бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Уялы отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланың өміріне абай болайық

15.04.2018

Дүниеге бала келсе барлығымыз қуаныт тойлатамыз. Ал сол баланы аяғына тұрып кеткенше қасында бола аламыз ба? Қазіргі таңда балалар отбасылық қысымды және қоршаған ортаның қысымын көп көреді. Кей жағдайда жұмыс жұмыс деп баланың немен, кіммен айналысып жүргенін де білмей қаламыз. Балалардың өмірден өтуіне бір де бір себепші ересектер.

Өткен айдың 23 де болған Ресей мемлекетіндегі өртке оранған ойын сауық орталығындағы оқиға барлық адамзаттың қабырғасын қайыстырды. Шіркін ай сондағы балалардың ата аналарына жазған смс тері "неге бізге ешкім көмектеспейді" немесе "осымен барлығы аяқталған шығар. Мама мен сені жақсы көремін" деп жіберген хаттары аналарының көз алдарында мәңгіге қалдығой.

Көктемгі каникулға шығып қызық көреміз деп келген екі бірдей сынып оқушыларын айтсаңшы. Екі бірдей сынып бос қалды деген сөз. Мектеп мұғалімдері қандай күйде? Күнделікті сабаққа кіріп , сабақ түсіндіріп жүрген оқушылары бір күнде жоқ болды. Орындары бос қалды деп көз алдымызға елестетудің де өзі де бір жан түршігерлік оқиға.

Ал ата аналарының күндері не болмақ ? Осыған кім кінәлі? Әрине жауапкершіліксіз әкімшілік. Балалар жүретін жерлерде барлық қауіпсіздік техникалық ережелер сақталушы ма еді.

Біз сіздермен біргеміз Кемерова!

Жер бетіндегі барлық балалар аман болсын. Балалардың тыныш, бақытты өмір сүруіне ат салысайық.

Просмотров: 367


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст